2025 жылдың 26 маусымында Департаменттің қызметкерлері «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша үш айлық оқыту курсын сәтті аяқтады.
Курс бағдарламасының мақсаты – мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру және ресми құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс рәсімдеу бойынша тәжірибелік дағдыларды дамыту болды.
Оқу барысында тыңдаушылар ресми хаттарды, бұйрықтарды, қызметтік жазбалар мен өзге де құжаттарды мемлекеттік тілде рәсімдеу ережелерін меңгерді. Курсты сәтті аяқтағаннан кейін қызметкерлер қорытынды аттестациядан өтіп, арнайы сертификаттарға ие болды.
Департамент «Тіл» оқу-әдістемелік орталығына жоғары деңгейде ұйымдастырылған оқыту мен курсты жүргізген А.Б. Шыңғысбаеваға кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдіреді. Алынған білім мен дағдылар мемлекеттік тілді қызметтік іс-қағаздарда кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.