2025 жылғы 13 маусымда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде марапаттау рәсімі өтті.
Осы күні департамент басшысы Жаманбалина А.Н. қызметкерлерге:
• Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Ш.Альназарованың Алғыс хатын,
• Алматы облысының әкімі М.Е.Сұлтанғазивтің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын,
• ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.
Марапаттар адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін берілді.