Медицина қызметкерлері күніне орай Қонаев қаласының Мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті

Медицина қызметкерлері күніне орай Қонаев қаласының Мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті

Медицина қызметкерлері күніне орай 2025 жылы Қонаев қаласының Мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында денсаулық сақтау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан облыстың медицина қызметкерлері атап өтілді. Жоғары кәсібилігі, мамандығына адалдығы және халық денсаулығын қорғауға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Құттықтау сөздерімен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.М.Муратов, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Е.Абдрахим сөз сөйлеп, барлық медицина қызметкерлеріне жанкешті еңбегі, табандылығы мен мейірімділігі үшін алғыстарын білдірді.Ұлттық өндірісті қолдау мақсатында Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен отандық өндірушілердің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының көрмесі өткізілді.

Мерекелік іс-шараның атмосферасын қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен жарқын концерттік бағдарлама толықтырды.

Медицина қызметкерлері күні – күн сайын адам өмірін сақтап, ұлт денсаулығын нығайту жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға құрмет пен алғыс білдіретін маңызды мереке.