Есірткі құралдарының,психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша ҚР ДСМ 2022 жылғы 16 мамырдағы «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-45 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес беріледі.

Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу және (немесе) қайта ресімдеу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш тіркелген кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде өтініш тіркелген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

емлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. лицензия алу үшін:
- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына орналасқан жері бойынша лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
- белгілері бар қызметкерлер тізімінің электрондық көшірмесі:
ішкі істер органдарының қызметкерлерін тиісті тексеру туралы;
наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің қызметкерлері арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы алкоголизм аурулары бар адамдардың жоқ екендігі туралы (наркологиялық және (немесе) психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрғаны (тұрмайтыны) туралы мәліметтер;
- жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайды күзету шартының электрондық көшірмесі.
2. Лицензияға қосымшаны алу үшін:
- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
- белгілері бар қызметкерлер тізімінің электрондық көшірмесі:ішкі істер органдарының қызметкерлерін тиісті тексеру туралы; наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің қызметкерлері арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы алкоголизм жоқ екендігі туралы (наркологиялық және (немесе) психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрғаны (тұрмайтыны) туралы мәліметтер;
- жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайды күзету шартының электрондық көшірмесі.

3. Лицензияны қайта ресімдеу үшін және (немесе) лицензияға қосымшаның:
- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
- «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың орналасқан жері бойынша электрондық көшірмесі лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
- мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Барлық мәселелері бойынша Ақтөбе облысы бойынша МФБКД-не мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Ақтөбе қ., Тлеу батыр көшесі, 9.
Бұдан басқа, еске саламыз, әр бейсенбі сайын Департаментте сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін консультативтік кабинет жұмыс істейді. Тел: 50-21-61.