Департамент мамандары жалпы қалалық сенбілікке қатысты

Департамент мамандары жалпы қалалық сенбілікке қатысты

29 наурыз бен 31 мамыр аралығында абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша екі айлық жарияланды. Бүгіннен бастап облыста сенбіліктер басталды.
Ақтөбе облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті де тазалық айлығына өз үлесін қосты. Бүгін департамент қызметкерлері бекітілген аумақта Ақтөбе қаласының Кереев көшесіндегі скверде сенбілік өткізді.
Қоқыс дорбаларымен, тырмамен және қолғаппен қаруланған қатысушылар аумақты құрғақ шөптерден, бұтақтардан және қоқыстардан тазартты.
Сенбіліктер тек тазалау ғана емес, сонымен қатар табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу болып табылады.
"Таза қала-әркімнің жауапкершілігі!"осыған байланысты Департамент қаланың барлық тұрғындарын осы игі іске белсенді қатысуға шақырады.