
18.03.2025 жылы Ақтөбе қаласы ПБ қызмет инспекторы, полиция лейтенанті Т. Орынбасарұлы және полиция инспекторы, полиция кіші лейтенанті А.М.Кенжебаевтың қатысуымен Департамент мамандарына әкімшілік құқықбұзушылықпен жол қозғалысы заңнама саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша семинар – кеңес өткізілді.
Семинар – кеңесте Департаменттің қызметкерлеріне негізігі жол көлік ережелерін түсіндіріп, жаңадан күшіне еңген заңнама талаптарымен таныстырды.
Көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқару жөніндегі шаралар да күшейтілгені атап өтілді.
Семинар барысында жаяу жүргіншілердің де құқықтары мен міндеттері ескеріліп, қоғамдық жерде темекі шегу және қоқыс тастау ұсақ бұзақылық болып есептеліп қамауға алу шаралары қабылданатынын ескертіп, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, қоғамдық орындарда қорлау және басқаларды құрметтемеуді және жеке тұлғалардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзуды білдіретін басқа да осыған ұқсас бұзушылықтар бойынша да әкімшілік шаралар қолданылатынын түсіндірді.
Семинар барысында, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.