Дәрік заттарды қатаң түрде талаптарға сай босату

Дәрік заттарды қатаң түрде талаптарға сай босату

26.02.2025 жылы Департамент мамандарымен дәрілік заттармен және медициналық бұйымдар бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын дәріхана ұйымдарының өкілдері қатысуымен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша семинар – кеңес өткізілді.

Семинар – кеңесте «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығына түсіндірме берілді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығының дәрігердің рецептілері бойынша босатылуға жататын дәрілік заттар рецептісіз сатуға жатпайды.

Дәріханларда келушілер үшін көрнекі орында мынадай сипаттағы ақпаратты орналастырады: "Дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қайтаруға және айырбастауға жатпайды", "Балаларға дәрілік заттар босатылмайды";  "Дәрігердің рецептісі бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым салынады".