Мемлекеттік қызметші күніне орай марапаттау.

Мемлекеттік қызметші күніне орай марапаттау.

Мемлекеттік қызметші-халық үшін және ел игілігі үшін қызмет ететін адам. Оның барлық әрекеттері азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған және  мемлекеттік қызметші әрқашан  халықтың мүддесін қорғауға жұмыс жасайды.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өте күрделі, ауыр және өте жауапты, өйткені адамдардың тағдыры мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне тікелей байланысты болып келеді.

Департамент атынан мемлекеттік қызметшілер күніне орай жас мемлекеттік қызметші А.О. Есқожаевағаның ата-аналары Амелов Олжас Есқожайұлына және Кенжегүл Ақділдайқызы Наукеноваға еңбексүйгіштікке тәрбиелегені, өзін-өзі дамытқаны, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені  және адамдарға мейірімді қарым-қатынасы үшін алғыс хат табыс етілді.

Кездесуге мемлекеттік қызметтен зейнетке шыққан және үлкен жұмыс өтілі бар әріптесі Омарова Жанылдық Әбдіжанқызы шақырылды. Ол жас мемлекеттік қызметшілерді марапттарымен құттықтап мемлекеттік қызметте, шыдамдылық, күш пен жауапкершілік тіледі.

Департамент басшысы Департамент атынан адал еңбегі үшін, облыс фармациясын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, Ж. А. Омароваға алғыс хат табыс еттілді.

Сондай - ақ департамент басшысы А.М. Латыпованың атынан жас маман медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Р. М. Әлиев және фармацевтикалық қызмет саласындағы фармацевтикалық инспекторат және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Ш. Т. Темірбеков алғыс хаттармен марапатталды.

Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шарада Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын бақылау және фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Е.Рейсі ант қабылдады.

Су тасқыны кезінде ерікті көмек көрсеткен департамент қызметкері Оразалина Гүлбада Департамент атынан алғыс хатпен марапатталды.

Департамент басшысы  А.М.Латыпова қызметкерлерінің жетістіктерін атап өтіп, ұжымға шығармашылық табыс, жаңа жеңістер және халықтың игілігі үшін тиімді жұмыс, сондай-ақ мемлекеттік қызметті абыроймен атқаруды тіледі.