Білікті басшы, іскер ұйымдастырушы

Білікті басшы, іскер ұйымдастырушы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Алия Мухтаровна Латыпова өз қызметін Алға аудандық орталық ауруханасында бастады. Институтты бітіргеннен кейін ол медицинадағы ең қиын мамандықтардың бірін - анестезиология-реаниматологияны таңдады. Алия Мухтаровна практикалық медицинадағы жұмысын ғылыми және оқытушылық қызметпен белсенді ұштастырды. 2001 жылы 3 жыл клиникалық резидентураны аяқтағаннан кейін диссертация қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты атанды (2004 ж.) – мұның бәрін Ақтөбе қаласының Жедел медициналық көмек ауруханасындағы практикалық жұмысынан қол үзбей атқарған. Жүздеген құтқарылған өмір мен мыңдаған науқастардың ризашылық сөздері! Біздің медициналық университеттің қанша студенті әскери-далалық хирургия және травматология курсы бар жалпы хирургия кафедрасының, анестезиология және реаниматология кафедрасының оқытушысы А.М. Латыповадан  алған білімі мен тәжірибесі үшін алғыс білдіреді. Өзінің 31 жылдық еңбек өтілінің 14 жылын мемлекеттік қызметке арнады, онда аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау бөлімінің бастығынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысына дейінгі жолдан өтті. Оның медицинадағы және мемлекеттік қызметтегі жұмысы тиісті бағаланды – Алия Мухтаровна «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», "Денсаулық сақтау iciнe қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен, ҚР ДСМ Комитетінің төрағасының алғыс хатымен, бірнеше рет облыс әкімінің алғыс хаттарымен, «Үздік дәрігер» номинациясы бойынша «Шапағат» конкурсында облыс әкімінің сыйлығымен, «Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» М.Оспанов атындағы БҚМУ КеАҚ төсбелгісімен, «Халық мақтанышы» медалімен марапатталған.

Мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымына байланысты мемлекеттік қызметшінің жеке басына әртүрлі талаптар қояды. Департамент басшысы ретінде Алия Мухтаровнаның жоғары сапасы - қарапайымдылық, оған тәкаппарлық жат. Оның талап қоя білу қабілеті, оған деген сенім мен құрметпен үйлеседі. А.М.Латыпова жұмыста әрдайым айналысындағылармен қарым-қатынаста байсалдылық сияқты норманы ұстанады, бұл оның ұстамдылық, төзімділік, өз-өзін ұстай білу сияқты мінезінің жеке қасиеттерінде көрінеді және бұл жақсы түсіністікке, адамдармен жақсы қарым-қатынасқа қол жеткізуге көмектеседі.

Мемлекеттік қызметшінің моральдық қасиеттерінің ең дұрыс өлшемі - оның беделі. Алия Мухтаровна беделінің бастауы – бұл істі терең білуі, қажырлы еңбегі, жоғары адамгершілік қасиеттері: адалдық пен шынайылық, қарапайымдылық, өзіне және басқаларға жоғары талап қоя білуі, парыз бен жауапкершіліктің дамыған сезімі, жұмысты шебер басқаруы, жеделдік, ынтымақтастық, шешім қабылдау және өзін-өзі дамыта білуі болып табылады. Жұмысты басқару шеңберінде ол өзінің лауазымы департаменттің жоғары нәтижелеріне қалай әсер ететінін түсінеді.

Жинақталған тәжірибесіне қарамастан, ол оқуға ұмтылады, сондай-ақ әріптестерімен өз білімімен бөліседі және Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес жұмыста заңды шешімдер қабылдау үшін мамандардың біліктілігін жетілдіруге ықпал етеді. Ол Бостон университеті мен Сингапурда біліктілікті арттыру курстары мен тағылымдамадан өтті.

Алия Мухтаровнаның парасаттылығы мемлекеттік қызметшінің этикалық нормалары мен мінез-құлық стандарттарын сақтай отырып, өз жұмысын адал орындауда көрінеді, олардың кейбір міндетті талаптары басқаларға сыпайылық пен әдептілік, сондай-ақ әділдік, риясыздық пен бейтараптық, департамент жұмысының нәтижелері үшін жеке жауапкершілік болып табылады.

Ол басшы ретінде ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық атмосфераны құруға ықпал етеді. Департаменттің әрбір қызметкері қиын өмірлік жағдайларда оның көмегі мен қолдауына сене алады. Мамандармен қатар қоғамдық іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады.

Алия Мухтаровна - мемлекеттік қызметке алғаш кірген жас мамандарды тәрбиелеуге, олардың тиісті моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастыруға ерекше мән беретін және қойылған міндеттерді шешу кезінде ерекше назар аударуды және формальды тәсілге жол бермеуді талап ететін үлгілі мемлекеттік қызметші. Ол мемлекеттің бет-бейнесі болып табылатын мемлекеттік қызметшінің беделін нығайтуға ықпал етеді.