Құрметті тұрғындар!

Құрметті тұрғындар!

Құрметті тұрғындар! Сыбайлас жемқорлық қоғамның дамуына кері әсер ететін өзекті мәселе болып табылады. Ол елдің өркендеуін тежеп, азаматтардың мемлекетке деген сенімін әлсіретеді. Сондықтан оған қарсы іс-қимыл жасау әрқайсымыздың ортақ парызымыз. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, адалдық қағидаттарын ұстануы қажет. Пара беру де, пара алу да заңға қайшы әрекеттер болып табылады. Мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу баршамыздың міндетіміз. Жемқорлыққа қарсы күресте әр адам бейжай қарамауы тиіс. Егер заңсыз әрекеттерге куә болсаңыздар, тиісті органдарға хабарлау маңызды. Бұл қоғамдағы әділдікті нығайтуға қосқан нақты үлес болып табылады. Адалдық, әділдік және жауапкершілік өркениетті қоғамның тірегі болып табылады. Сондықтан әрқайсымыз өз ортамызда дұрыс құндылықтарды насихаттап, үлгі көрсетуіміз қажет. Бәріміз бірге ғана жемқорлықсыз, әділ қоғам құра аламыз!