
2026 жылғы наурыз айында дәрілік препараттардың бағасы орта есеппен 25%-ға төмендеді.
Бұл өзгеріс пациенттердің қаржылық жүктемесін азайту және дәрі бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу мақсатында енгізілген шекті бағалар тетігінің нәтижесі.
💊 Не өзгерді?
– Шамамен 5 000 дәрілік заттың бағасы қайта қаралды
– Жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және инфекциялық ауруларға арналған дәрілер қамтылды
– Қазіргі таңда 4 994 препаратқа шекті баға бекітілген
– Дәріханалар осы белгіленген бағадан жоғары сатпауы тиіс
📊 Сонымен қатар:
– 1 707 рецептісіз дәрі мемлекеттік реттеуден шығарылып, нарықтық бағамен сатылуда
Бұл – халыққа ең қажетті дәрілердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам