
2026 жылғы 09 ақпанда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мамандарымен Кеңес Одағының Батыры М.Маметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі және Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің базасында фармацевтикалық бөлімінің түлектерімен «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында фармацевтикалық бөлімінің түлектеріне ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру» ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маман сертификатын беруден бас тартудың негізгі себептері, сондай-ак «Е-лицензиялау» порталына өтініш беру тәртібі және құжаттар тізбесі бойынша айтылды.
Фармацевтикалық бөлімшенің түлектері жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметке өтінім беру бойынша жадынама және бейне нұсқаулықпен танысты.
Бұдан басқа, фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігіндегі барлық мәселелер бойынша Департаментке 502161 телефоны немесе Ақтөбе қаласы, Тілеу батыр көшесі,9 мекенжайы бойынша хабарласуға болатынын еске салды.
Сондай-ақ семинарда келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.