
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшіден ант қабылдау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10-бабы 2) тармақшасына, 21-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №532 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің ант беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген қызметшілер қабылдайды.
Мемлекеттік қызметшілердің қатарын толықтыра отырып, Азиз Альбертович Ажиниязов салтанатты түрде еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға ант беріп, кәсіби міндеттерін адал атқаруға міндетелді.
Салтанатты рәсімде Департамент басшысы А.М.Латыпова, жас мемлекеттік қызметкерді құттықтап, оның ел мен мемлекет алдындағы үлкен жауапкершілігі туралы, елге адал қызмет етуге, кәсіби қызметіне күш-жігерін аямай жұмсауға, білімі мен тәжірибесін ұштастыруға шақырды.