
Агымдағы жылдың 20 наурыз күні Департамент ұжымының арасында Наурыз мерекесі атап өтілді. Көктем мерекесі – Наурыз мейрамы ел өміріндегі маңызды оқиға. Бұл табиғи ғана емес, рухани жаңарудың, халқымыз және жалпы адамзат үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуының символы. Наурыз мейрамы адам өміріндегі жасампаздыққа – өмірдің бастауына, шынайы махаббат пен шынайы достықтың салтанатына арналған айырықша мереке. Наурызды ұжымда атап өту — бұл тек дәстүрге құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар қызметкерлерді біріктіруге, жылы атмосфера қалыптастыруға және командалық рухты нығайтуға тамаша мүмкіндік. Табиғаттың жаңаруын, жаңа жылдың басталуын және адамдардың бірлігін білдіретін бұл көне мереке жұмыс ортасында ерекше маңызды.