Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Департамент басшысының орынбасары Әдеп жөніндегі уәкілі А.Д.Сулейменованың мереке күні қарсанындағы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Департамент басшысының орынбасары Әдеп жөніндегі уәкілі А.Д.Сулейменованың  мереке күні қарсанындағы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиналыс барысында алда келе жатқан мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселесіне ерекше назар аударып Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне қойылатын негізгі талаптардың бірі – қызметтік әдепті сақтау, заңдылықты қатаң ұстану және қоғам алдында жоғары жауапкершілік көрсету екендігі, Мереке күндері қарсаңында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында, қызметтік міндеттерді атқару барысында және қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеуі тиістігін айтты. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдауға, қандай да бір материалдық игіліктер немесе артықшылықтар алуға жол берілмейтінін еске салатындығы, мұндай жағдайлар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары ретінде қарастырылуы мүмкіндігін ескертті.
Әрбір мемлекеттік қызметші адалдық, әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алып, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға өз үлесін қосуы тиіс екендігі ескертілді.