
Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні Департамент басшысы А.М.Латыпова департамент басшысының орынбасары Әдеп жөніндегі уәкілі А.Д.Сулейменованың ұсынысымен департаменттің мамандарын салтанатты түрде марапаттады. Департамент басшысының құттықтау сөзінде "Қымбатты ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер әлемге жылулық пен жарасым сыйлап, жақын жандарыңызды махаббатқа бөлейсіздер. Қоғамның дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!". Сонымен қатар Департаменттің фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Дарига Мергалиевна Елеуова, медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Нурлыгул Нугметовна Бисенова және медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Лаура Айбатовна Оразалина департамент басшысының Алғыс хатымен марапатталды.