Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы қатысты. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, олардың жолын кесу және салдарын жою шаралары талқыланды. Сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың бірі екендігі атап өтілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларын сақтау, қызметтік әдепке кір келтіретін әрекеттерге жол бермеу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған шараларды тұрақты түрде жүзеге асыру қажеттігі түсіндірілді.