Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ұйымдастыруымен шетелдік мамандарды сертификаттау және клиникалық практикаға жіберу мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Департаменттің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А. Жанабергенов ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өңірдің медициналық ұйымдарының басшылары мен өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында келесі мәселелер жан-жақты қарастырылды:
✔ Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне және №274/2020 бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау саласы мамандарын сертификаттау тәртібі;
✔ шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу талаптары;
✔ шетелдік медициналық білімді тану рәсімі;
✔ шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат алу қажеттілігі (ЕАЭО елдерінің азаматтарын қоспағанда);
✔ сертификаттың қолданылу мерзімін растау және үздіксіз кәсіби даму мәселелері;
✔ заңнама талаптарын сақтамағаны үшін медициналық ұйымдардың жауапкершілігі.
«Сұрақ–жауап» форматында қатысушылар шетелдік мамандарды жұмысқа жіберудің практикалық аспектілері бойынша түсіндірмелер алды.
Кездесу қорытындысы бойынша медициналық ұйымдарға қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын, шетелдік мамандардың жарамды сертификаттарының болуын және дипломдарды тану рәсімінің орындалуын қатаң бақылау ұсынылды.
Аталған мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.