
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 2026 жылға дөңгелек үстелді ұйымдастыру жөніндегі іс – шаралар жоспарына, департаментінің
Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына
сәйкес, Тақырыбы «Декларация толтыру кезінде туындаған сұрақтар» бойынша, Мемлекеттік қызметшілерге жеке тұлғалардың декларациясын (кірістері мен мүлкі туралы декларация) тапсыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету мақсатында Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасының бас маманы Лейла Нурлановна Камалованың қатысуымен ағымдағы жылдың 2 – ші ақпан күні департаментте кездесу өткізілді. Кездесу кезінде Қазақстан Республикасының салық кодексі 422-423 баптары «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» түсіндірілді, мамандармен қойылған сұрақтарға толықтау жауап берілді.