
25 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында еліміздің қалыптасуы мен даму тарихы туралы баяндама оқылып, департамент басшысы Латыпова Алия Мұхтарқызының құттықтау сөзі айтылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Астана қаласында өткен марапаттау рәсімінде, денсаулық сақтау саласындағы көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және саланың дамуына қосқан зор үлесі үшін департаменттің орынбасары Сүлейменова Алмагүл Данабекқызы мемлекеттік марапатпен — «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Сонымен бірге, департаменттің бас маманы Жанабергенов Аскар Исламғалиевич Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз және оларға жаңа жетістіктер, кәсіби өсу мен шабыт тілейміз!
Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының күнімен құттықтаймыз!