«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» (бұдан әрі – Департамент) келесіні хабарлайды:

Тиісті дәріханалық практика станддарты (GPP) (бұдан әрі – GPP стандарты) Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызметкерлер көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етеді, тиісті дәріхана практикасына және сапаны басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

GPP стандартының  сәйкес дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың сапасына стандарттық операциялық рәсімдер  жасалады.                                             Стандарттық операциялық рәсімдер  үлгілері Департаменттің ресми сайтында жарияланған.

Сондай - ақ, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес - дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарын 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтауға міндетті.

Осылайша, фармацевтикалық қызметке «Дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу» түрі бойынша мемлекеттік лицензиясы бар субъектілер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік – құқықтық актілерге сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап GPP стандартының талаптарын сақтауға міндетті.

Осыған байланысты, Департамент GPP стандартының талаптарын енгізу және сақтау қажеттігін еске салады.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысы бойынша  GPP стандартын 91 дәріхана енгізді.

GPP стандартын енгізудің барлық мәселелері бойынша Ақтөбе облысы бойынша МФБКД-не мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Ақтөбе қ., Тлеу батыр көшесі, 9.

Әр бейсенбі сайын Департаментте  сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін консультативтік кабинет жұмыс істейді.  Тел: 50-21-61.