Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңы негізінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменттің (бұдан әрі-Департамент) өтінішті қабылдауы және Фармацевтикалық қызметке лицензия беруі, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу процестері
www.elicense.kz,
www.egov.kz. «Е-лицензиялау» веб-порталдары арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.
«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметі Департаментпен «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы»; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығына сай жүргізіледі.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.
«Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сай (Фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығы үшін көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке түсетін лицензиялық алымды қызмет алушы төлейді), фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды. (1 АЕК – 3932т)
Төлем деректемелері
www.elicense.kz веб-порталының деректері бойынша: Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 105402, Төлем кодының мақсаты (ТНП) – 911 (төлем заңды (жеке) тұлғаның тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады. ).