Таңбаланған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды электрондық құжаттау орталығы ақпараттық жүйесінде пайдаланылатын барлық бақылау - кассалық машиналар туралы мәліметтерді уақтылы енгізуді және өзектендіруді қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

19.09.2025 жылы Департамент мамандарымен қатысуымен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтік актілер бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 бұйрығына түсіндірме берілді.     

Сонымен қатар, таңбаланған тауарларды электрондық құжаттау орталығы (бұдан әрі-ТЭҚО АЖ) ақпараттық жүйесінде пайдаланылатын барлық бақылау - кассалық машиналар (бұдан әрі - БКМ) туралы мәліметтерді уақтылы енгізуді және өзектендіруді қамтамасыз етуі қажет және деректерді қосу осы БКМ жататын тиісті ұйымның не аумақтық-бөлінген бөлімшенің (бұдан әрі - АББ) жеке кабинетінде жүзеге асырылады.

ТЭҚО АЖ-мен жұмыс істеу жөніндегі өзекті нұсқаулықтар ресми порталда: https://markirovka.ismet.kz/ сайты «Дәрілік заттар» бөлімінде орналастырылған.