Халықтың тіркелмеген, медициналық қолдануға рұқсат етілмеген, адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануына жол бермеу мақсатында келесі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау қажет:
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 233-бабы 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатымен расталмаған және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-тарауы 18-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, - Кодекстің 241-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен сапасы бағалаудан өткен тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар не Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда белгіленген тәртіппен қызметінің басталғаны туралы хабарлаған субъектілерден сатып алу;
Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ӘҚБтК «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.