ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) медициналық мекемелерінің өкілдерімен 25.07.2025ж. семинар-кеңес онлайн форматта өткізді. Семинар-кеңес барысында фармацевтикалық пен медициналық қызметпен айналысуға және денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, ережелері мен мерзімдері бойынша, онын ішінде лицензиялар мен лицензияларға қосымшаларын электрондық нысанға ауыстыруы мәселелері бойынша, медициналық мекемелерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, медициналық қызметтін дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету түрі ол орта медицина қызметкерлері дербес немесе мультипәндік команданың құрамында көрсететін, денсаулықты насихаттауды, пациенттің жай-күйін бағалауды, дәрігерге дейін диагноз қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен емшараларды орындауды және науқастарға, мүгедектігі бар адамдар мен хал үстіндегі адамдарға күтімді қамтитын медициналық көмек көрсетілетіні еске салынып, осы қызмет міндетті түрде лицензиялау қажет екенің атап өтті.
Сонымен қатар семинар – кеңес барысында, жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті алу кезінде дәлелді бас тартулардың негізгі себептері айтылды.
Семинар – кеңес барысында, барлық қатысушыларды GPP тиісті дәріханалық практика стандартын енгізу бойынша жұмысты жандандыруға шақырылды. Стандарттың негізгі талаптарына және фармацевтикалық инспекция барысында жиі кездесетін сәйкессіздіктерге тоқталды.
Семинарда келіп түскен сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар, туындаған барлық сұрақтар бойынша Департаментке Ақтөбе қаласы, Тілеу батыр көшесі, 9 Б мекен-жай бойынша немесе телефон:502161 арқылы хабарласуға болады.