2025 жылғы 23 маусымда Департамент басшысының төрағалығымен және фармацевтикалық қызмет субъектілерінің қатысуымен дәрілік заттарды таңбалау және қадағалап отыру ақпараттық жүйесінде айналымнан шығару мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы №ДСМ-11 бұйрығымен бекітілген «Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалап отыру, сондай-ақ медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларының» негізгі талаптары түсіндірілді. 

Дәрілік заттарды айналымнан шығару кезінде таңбалау және қадағалап отыру ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау барысында туындайтын негізгі проблемалар анықталды. 

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға аталған бұйрықтың талаптарын сақтау, қажетті техникалық құралдарды сәйкестікке келтіру және тиісті жүйелерді баптау бойынша нақты тапсырмалар берілді.