ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысының филиалында халыққа қызмет көрсету орталығында қызметкерлерімен семинар өткізді.
Семинар барысында «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру», «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету ережелері мен тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, «Е-лицензиялау» порталына өтінім беруден бас тартудың негізгі себептері айтылды.
Бұдан басқа, фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігіндегі барлық мәселелер бойынша 502161 телефоны немесе Ақтөбе қаласы, Тілеу батыр көшесі,9 мекенжайы бойынша хабарласуға болатынын еске саламыз