Медицина қызметкері күні мерекесіне орай, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы А.М.Латыпова салтанатты іс-шарада ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасының атынан Құрмет грамотасымен М.М.Бердибаева және Алғыс хатымен Е.Е.Рейс марапатталды.
Департамент басшысы өз құттықтауында ұлт денсаулығын нығайту біздің мемлекетіміздің маңызды басымдығы болып табылатынын және осы еңбекті қажет ететін үдерістің барлығы, сөзсіз, еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде еңбек ететін адамдардың қолында екенін атап өтті. Департаменттің барлық ұжымына үлкен алғысын білдірді.