Департамент мамандары 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ақция өткізді

Департамент мамандары 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ақция өткізді

Департамент мамандары 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ақция өткізді

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсанында, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қамқорсыз қалған бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге арналған қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Аталған іс-шара аясында, мектеп киімі мен аяқ киім, мектеп рюкзактары, кеңсе заттары және бүлдіршіндерге ойыншықтар басқа да жақсы күйдегі заттарды жиналып табысталды.