Медицина қызметкері күнін мерекелеу қарсаңында Ақтөбе облысы бойынша фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының бастамасымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесіп 2025 жылдың 15 мамырында «Үздік фармацевт – 2025» облыстық фармацевтикалық байқауы өтті.
Іс-шара Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің базасында өтті.
Байқауға орта кәсіптік фармацевтикалық білімі бар облыстық дәріхана ұйымдарының фармацевтикалық қызметкерлері қатысты:
Байқау 4 кезеңнен тұрады: теориялық тапсырмалар, ситуациялық есептерді шешу, өз кәсібі туралы бейнероликтер және шығармашылық тапсырма.
Барлық қатысушылар кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін, жауапкершілікті және өз ісіне деген шынайы сүйіспеншілікті көрсетті.
2025 жылдың үздік фармацевті болып Баимбетова Жадыра Айдарқызы атанды!
Барлық қатысушылар грамоталармен және сыйлық сертификаттарымен марапатталды.
Мерекелік шараға келесі құрметті қонақтар шақырылды:
– Тажибаева Самал Мусаевна -Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары;
- Сагинбазарова Акжаркын Болатовна – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті кафедрасының доценті.
Байқаудың мақсаты – фармацевттердің кәсіби өсуі мен психологиялық құзыреттілігіне ықпал ету және фармацевт мамандығының беделін арттыру