Ақмола облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде "Таза Қазақстан"экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік өтті.
Іс-шараға Департамент мамандары қатысып, қалалық ортаны таза ұстау және абаттандыру мақсатында ұйымдастырылған кең ауқымды сенбілікке өз үлестерін қосты.
Бірлескен күш-жігермен саябақтың іргелес аумағы қоқыстардан тазартылды.