Әз-Наурыз қарсаңында ұлттық қол өнерді жаңғырту

Әз-Наурыз қарсаңында ұлттық қол өнерді жаңғырту

Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнер. Оның ішінде ою өрнек болып табылады. Халқымыздың барлық ұлттық құндылығы сияқты қазақтың қол­өнер бұйымдары да – ұрпаққа мұра және мақтаныш. Адам қия­лының шексіздігін қолының ісмерлігі-ұсынақтылығымен көркем өнерге айналдырып, тұрмыстық қажеттілікке тұты­натын мүлік әзірлеу – бабадан жалғасқан асыл өнер.

Қара­саң көздің жауын алатын, тұтынсаң қажетіңді өтейтін бұйым­дар­дың бірі – құрақ көрпе.

Ол, біріншіден – өнер, екіншіден – тұрмыстық бұйым, үшіншіден – ертеректе мата-материал қат кезде қолданылған маталардың қиындылары рәсуа болмасын деген оймен оны да пайдаға жарату ойынан туған, яғни ысырапшылдыққа жол бермеудің керемет әдісі. 

Ұлық мереке Әз-Наурыз қарсаңында қазақ халқының қолөнерін қайта жаңғырту, насихаттау мақсатында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің медициналық қызметі сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Әсел Құсайын  2 метрді  құрайтын құрақ көрпені тігуде өз үлесін қосуда.