Фармацевтикалық қызметтегі этика

Фармацевтикалық қызметтегі этика

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-319/2020 «Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, фармацевтика қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) бейтараптық;
      2) адалдық және объективтілік;
      3) әдептілік;
      4) кәсіби құзыреттілік;
      5) мінсіз мінез-құлық;
      6) адалдық;
      7) ақпараттың құпиялылығы;
      8) адамгершілік;
      9) тәуелсіздік.
Фармацевтикалық қызметкер өз қызметінде:
өзінің лауазымдық міндеттерін адал орындайды, еңбек тәртібін сақтайды, өз жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;
жоғары моральдық және адамгершілік өлшемшарттарға сәйкес келеді, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтайды;
өзінің кәсіби білімін, дағдыларын, құзыреттері мен кәсіпқойлығын үздіксіз жетілдіреді;
заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен бұзушылықтар жасауға жол бермейді;
жеке мәселелерін шешу мақсатында қызметтік жағдайды пайдалануға жол бермейді, медициналық өнімдерді жарнамалауға және қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар, қызметтер алу фактілеріне жол бермейді;
Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтауға ықпал етеді.