Тиісті дәріхана практикасы стандарты бойынша Ақмола облысының фармацевтикалық жұртшылығымен семинар-кеңес

Тиісті дәріхана практикасы стандарты бойынша Ақмола облысының фармацевтикалық жұртшылығымен семинар-кеңес

2026 жылғы 10 сәуірде фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Людмила Владимировна Вдовина Ақмола облысының фармацевтикалық қауымдастығымен өткен онлайн/офлайн форматтағы семинар-кеңеске қатысты.

Дұрыс дәріханалық практика (Good Pharmacy Practice, GPP) – бұл әлемнің дамыған елдеріндегі барлық дәріханалар ұстанатын халықаралық стандарт. Аталған стандарт дәріхана қызметкерлері халыққа көрсететін фармацевтикалық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету қағидаларын реттейді.

Осы Стандарт халықты сапалы әрі қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз етуге, дәрілік заттар туралы шынайы ақпарат ұсынуға, рецепт арқылы берілетін дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурулардың алдын алуға бағытталған.

Қазіргі уақытта Ақмола облысында Дұрыс дәріханалық практика (GPP) стандарты 112-ден астам дәріхана ұйымында енгізілген.

Іс-шара барысында семинар-кеңес қатысушыларына өздерін толғандырған сұрақтарды қою ұсынылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.

Облыста Дұрыс дәріханалық практика (GPP) стандартын енгізу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.