Наурызнама аясында Шаңырақ күніне орай мемлекеттік қызметшінің антын қабылдау салтанатты рәсімі өтті

Наурызнама аясында Шаңырақ күніне орай мемлекеттік қызметшінің антын қабылдау салтанатты рәсімі өтті

Наурызнама онкүндігі аясында Қазақстанда Шаңырақ күні – отбасылық құндылықтар, бірлік пен келісім күні атап өтіледі. Шаңырақ – үйдің, бірліктің және ұрпақтар сабақтастығының символы. Ол ұлттық дәстүрлерді құрметтеуді, отбасылық байланыстарды нығайтуды және үлкенге деген сыйластықты білдіреді.Бүгін Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің қабырғасында Наурызнама мерекесін атап өту аясында жас мамандарға арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында Департаменттің мемлекеттік қызметшілер қатары толықтырылып, фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің бас маманы Болатова Наргиз Қуанышевна Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің антын салтанатты түрде қабылдады.Ант қабылдау – мемлекеттік қызмет жолындағы маңызды әрі жауапты кезеңдердің бірі болып табылады. Ол мемлекеттік қызметтің заңдылық, адалдық және қоғамға қызмет ету қағидаттарына беріктікті білдіреді.Бұл іс-шараның Шаңырақ күнімен тұспа-тұс өтуі ерекше мәнге ие. Себебі шаңырақ отбасының бірлігін білдірсе, мемлекеттік қызмет те ел игілігі жолында қызмет ететін азаматтарды бір мақсатқа біріктіреді.Болатова Наргиз Қуанышевнаны осы маңызды оқиғамен құттықтап, қызметінде табыс, жауапкершілік және ел игілігі жолындағы нәтижелі еңбек тілейміз!