Тиісті дәріхана практикасы

Тиісті дәріхана практикасы

        

         "ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" РММ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу саласындағы қызметті жүзеге асыратын "Қасқарова Орынжамал Еслямбекқызы" ЖК дәріханасында тиісті дәріхана практикасы стандартын (Good Pharmacy practice, GPP) енгізу және сақтау бойынша инспекция жүргізді.

Белгіленген стандарттарға сәйкестікті бағалау қорытындысы бойынша GPP сертификаты берілді.

GPP талаптарына сәйкестігі сертификатының қолданылу мерзімі-5 жыл (алғашқы екі рет 5 жыл мерзімге беріледі, кейіннен расталған кезде көрсетілген сертификат мерзімсіз болып саналады).