
Бүгін Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Серік Аблай Олжабайұлы қатысуымен Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне декларация тапсыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесу барысында қызметкерлерге декларацияны тапсыру тәртібі мен мерзімдері туралы толық түсіндірме беріліп, қойылған сұрақтарға білікті жауаптар ұсынылды. Қатысушылардың көпшілігі іс-шара барысында өз смартфондары арқылы декларацияны тапсырып, нысанды толтыру кезінде тәжірибелік көмек алды. Бүгінгі күнге дейін ұжымның бір бөлігі 2025 жылға арналған декларацияны тапсыру бойынша өз міндеттерін орындады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.