Медициналық және фармацевтикалық қызмет туралы — «Елге қызмет» бағдарламасының эфирінде

Медициналық және фармацевтикалық қызмет туралы — «Елге қызмет» бағдарламасының эфирінде

Сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Анара Токтамысовна Тезекбаева денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі бойынша түсіндірме берді.

Ол медициналық және фармацевтикалық қызметтің ерекше бақылауда екенін атап өтті, себебі медициналық көмектің және дәрілік қамтамасыз етудің сапасына азаматтардың өмірі мен денсаулығы тікелей байланысты.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың қызметінде заңдылықты, қауіпсіздікті және белгіленген стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Медициналық қызметті жүзеге асырудың міндетті шарттарының бірі — лицензияның болуы. Лицензия ұйымның белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін, мамандардың және қажетті материалдық-техникалық базаның бар екенін растайды.