Департаменттегі «Ашық есік күні»: болашақ дәрігерлермен ашық диалог

Департаменттегі «Ашық есік күні»: болашақ дәрігерлермен ашық диалог

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға, мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен айқындығын арттыруға, сондай-ақ қоғаммен  өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараға 6В10104 «Медицина» білім беру бағдарламасының 1-курс білім алушылары,                        «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» Жоғары медицина мектебінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында Департамент мамандары медициналық қызметтерді (медициналық көмекті) көрсету саласын, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қолдану мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірмелер берді. Заңнаманы іске асырудың практикалық аспектілеріне және денсаулық сақтау субъектілерінің жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді талқылап, салалық мамандардан білікті жауаптар алды.

«Ашық есік күні» ашық әрі мазмұнды диалог алаңына айналып, болашақ медицина мамандарының құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби көзқарасын қалыптастыруға және мемлекеттік қызметке деген сенімді нығайтуға ықпал етті.