Медициналық ұйымдармен семинар-кеңес өтті

Медициналық ұйымдармен семинар-кеңес өтті

10 ақпан 2026 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының медициналық ұйымдарымен ZOOM платформасын пайдалана отырып онлайн-семинар өткізді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы «Этил спиртін сақтау және өткізу (жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» №109 бұйрығымен бекітілген этил спиртін сақтау және өткізу (жөнелту, қабылдау) қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Отырыс барысында медициналық ұйымдарға ұсынылған есептік деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мәлімделген көлемдер, нақты алынуы және этил спиртінің пайдаланылуы бойынша талдау жүргізу ұсынылды.