Ақмола облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде «Ашық есік күні» өтеді

Ақмола облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде «Ашық есік күні» өтеді

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ 2026 жылғы 16 ақпанда «Ашық есік күнін» өткізуді жоспарлап отыр.

Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Назарбаев көшесі, 60.

Іс-шара азаматтық қоғам өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының  назарын аудару, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында өткізіледі.

«Ашық есік күні» аясында Департамент мамандары медициналық қызметтер (медициналық көмек) көрсету саласын, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын реттейтін нормативтік-құқықтық  актілер  бойынша  түсіндірмелер  береді.