
2026 жылғы 01 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында күшті әсер ететін дәрілік заттарды, психотроптық заттар мен прекурсорларды рецептсіз өткізу үшін жауапкершілікті едәуір қатаңдататын нормалар күшіне енді.
Күшті әсер ететін заттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 120 «Адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін күшті әсер ететін заттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен (бұдан әрі - №120 Бұйрық) бекітілген және ол 94 атауды қамтиды, оның ішінде дәріханалар арқылы өткізілетін дәрілік заттар да бар (Тропикамид, Прегабалин, Зопиклон, Циклопентолат, Сибутрамин және т.б.).
№ 120 Бұйрықпен бекітілген дәрілік заттарды рецептсіз өткізу үшін Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi» 301 және 303-бабтарына сәйкес қылмыстық шаралары көзделген.