
2025 жылдың 21 қазанында Ақмола облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті жеке медициналық ұйымдармен кездесу өткізді. Кездесу барысында 2025 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» Заңы және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығы – «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» тақырыптары талқыланды. Кездесу мақсаты – аталған нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын түсіндіру, сондай-ақ жаңа талаптарды медициналық практикада қолдану бойынша сұрақтарға жауап беру.