Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, сондай-ақ этика уәкілінің жоспары мен 2025 жылғы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жоспарын орындау аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ақмола облысы бойынша Құқық статистикасы және арнайы есепке алу комитетінің департаментінің өкілдері қатысты:
Семинар департамент қызметкерлеріне әкімшілік-процестік кодекс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс және өтініштерді қарау ережелерінің талаптарын сақтау мен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Оқыту барысында қатысушыларға құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері бойынша толық түсініктемелер берілді. Әсіресе азаматтардың өтініштерімен дұрыс жұмыс істеу, қарау мерзімдері мен тәртібін сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің халықпен өзара әрекеттесудегі құқықтары мен міндеттері ерекше назарға алынды.
Осындай семинарлар құқықтық мәдениетті нығайтуға және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.