Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл

Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл

 

2025 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толады — бұл тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекеттің негізін қалаған басты заң.

1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, демократия қағидаттарын, заң үстемдігін және билік тармақтарының бөлінуін бекітті. Өткен жылдар ішінде Конституция өз өміршеңдігі мен өзектілігін дәлелдеп, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етті.

Осы маңызды датаға орай Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігі  Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті алғаш рет денсаулық сақтау саласына мемлекеттік қызметке қабылданған мамандардың ант қабылдау рәсімін салтанатты түрде өткізді. Бұл шара – ұрпақтар сабақтастығының, жауапкершіліктің және халыққа адал қызмет етудің белгісі.

Жас мамандарға өз күштеріне сенімділік, кәсіби табыс, өз ісіне адалдық және Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтауда табандылық тілейміз.

Конституция – бұл жай ғана заңдық құжат емес, ол — Қазақстанның бірлігі, еркіндігі мен болашағының символы.

Баршаңызды Ата Заңымыздың мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!