
2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ай сайын өткізілетін түсіндіру және оқыту шараларының жоспар-графигіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ақмола облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Этикалық мәселелер жөніндегі өкілінің жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесіп 2025 жылғы 29-31 шілде аралығында әкімшілік тәжірибе субъектілеріне арналған оқыту семинарлары өткізілді. Семинарлар барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша электронды түрде істер қозғау және оларды сотқа қарауға жіберу үшін ЕРАП ақпараттық жүйесін пайдалану, тексерулер нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау кезінде «Тексеру журналы» функционалын қолдану, сондай-ақ профилактикалық бақылау мерзімін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеу және бақылау объектілеріне (субъектілеріне) тексерулер жүргізу ережелері талқыланды. Семинарды ұйымдастыру мен өткізу бойынша прокурорлар Баймуканов Б.Ж. және Беремкулов Б.Б. және Ақмола облысы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басшылығы жоғары кәсібилік танытты. Олардың тиімді ұйымдастыру жұмыстары мен семинарлардың сәтті өткізілуі ерекше атап өтуге тұрарлық.