Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін жетілдіру және оның тиімділігін арттыру бойынша семинар

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін жетілдіру және оның тиімділігін арттыру бойынша семинар

Ақмола облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін жетілдіруге және оның тиімділігін арттыруға арналған Әдеп жөніндегі уәкіл ұйымдастырған семинар өтті. Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілі А. К. Тиесов қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілер үшін әдеп нормаларын түсіндіру, олардың кәсіби мінез-құлқын нығайту және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау жөніндегі міндеттерді айқындау болды. Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында этикалық нормалар мен стандарттарды нығайтуға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.

Департамент мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға және олардың жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуді жалғастыруда.