2025 жылдың 10 тамызында ұлы қазақ ақыны, философы, сазгері және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер етті. Абай білімге, прогреске және бірлікке деген сүйіспеншілікті насихаттады. Оның «Қара сөздері» сияқты еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандырады.
2025 жылдың 6 мамырында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мереке аясында Департамент қызметкерлерінің балалары Абай шығармаларынан үзінділер оқыды.
Сейтқанова Медина прима-қобыз музыкалық аспабында Абайдың «Көзімнiң қарасы» мен С. Әбдінұровтың «Ән» шығармаларын орындады.
Бексұлтан Дәуренұлы «Ғылым таппай мақтанба» тақпағын оқыды .
Сейтбек Шахназ Нұрбекқызы «Жазғытұры» тақпағын оқыды.
Тугельбаева Асылжан Жомартқызы Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар», «Ғылым таппай мақтанба» тақпақтарын оқып шықты.