
11.04.2025 жылы Семей қаласының "Авиценна" колледжінің алаңында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті дәрілік заттар айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауға, дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды, тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын (GXP) енгізуге бағытталған кезекті семинар-кеңес ұйымдастырып, өткізді. Кеңеске дәрілік заттарды көтерме-бөлшек сатуды жүзеге асыратын фармацевтикалық нарық субъектілері, меншік нысанына қарамастан медициналық мекемелер , сондай-ақ Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілі қатысты.
Кездесу барысында қатысушылардың белсенді қатысуымен өзекті және проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Департамент тұрақты негізде Семей қаласы, Академик Павлов көшесі 60 мекенжайы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.