"Семей медицина университеті"КЕАҚ студенттерімен кездесу

"Семей медицина университеті"КЕАҚ студенттерімен кездесу

«Семей медицина университеті» КЕАҚ алаңында Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша  департаментінің (бұдан әрі-Департамент) басшысы Н.С.Ибраев Павлодар облысы департаменті басшысының орынбасары К.З. Ақшабаевамен бірлесіп «Фармация» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеттерінің курстарын аяқтайтын студенттермен кездесу өткізді.

Бұл кездесудің мақсаты - мемлекеттік қызметке жас мамандарды тарту.

Департамент басшысы қызмет, функционалдық бағыттар, құрылым, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы айтып берді.

Кездесу қызықты тақырыптар бойынша «сұрақ-жауап» форматында жалғасты.